
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шет ауданындағы Дәрия станциясының теміржол вокзалы толығымен жаңартылды. Бұл жұмысты «ҚТЖ» компаниясы теміржол инфрақұрылымын модернизациялау бағдарламасы бойынша жүзеге асырды.
Ғимараттың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі М. Мұхтаров құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын жаңа жобаның аяқталуымен куттықтады. Сонымен қатар шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желінің Қарағанды бөлімшесі» филиалының директоры М. Ибраев қатысты.
1936 жылы салынған, жалпы ауданы 757,4 шаршы метрді құрайтын вокзал ғимараты мен оған іргелес аумақ жолаушыларға заманауи сервис ұсыну үшін толық модернизацияланды. Вокзалдың күту залдарында жаңа ауа баптау және желдету жүйелері, ыңғайлы орындықтар мен кесте стендтері орнатылды.
Жолаушылардың барлық санатына жағдай жасау мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалы аналарға арналған жеке күту бөлмелері және арнайы санитарлық тораптар жабдықталды. Вокзал маңындағы аумақ пен жолаушылар платформасы жөнделіп, заманауи жарықдиодты жарықтандыру жүйесі орнатылды. Сонымен бірге теміржолшылар үшін де барлық қолайлы жағдай жасалған
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1267576?lang=ru

Жауап қалдыру