2026 жылғы 6 тамызда сағат 15:00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
Елорда тұрғындарының назарына!
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
Күн тәртібі:
«Көлік ағындарын басқару мәселелері, құқық бұзушылықтарды тіркеу жүйесін ұйымдастыру, жол жамылғысын салу мен жөндеу сапасы, сондай-ақ автотұрақ орындарын ұйымдастыру туралы»
Баяндамашылар:
- Асхат Жиенбайұлы Қарағойшин – «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысы
- Қайрат Қалелханұлы Каребаев – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалының директоры
- Дәурен Құанбекұлы Сәбитов – «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС директоры.
Отырыс 2026 жылғы 6 тамызда сағат 15:00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).
Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1267227?lang=ru

Жауап қалдыру