
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үш жасқа дейінгі балаларға арналған киім Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс екенін еске салады.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін негізгі құжат – «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (бұдан әрі – ТР ТС 007/2011).
ТР ТС 007/2011 талаптарына сәйкес балалар киімі:
– баланың денсаулығына қауіпсіз материалдардан дайындалуы;
– санитариялық-химиялық, токсикологиялық-гигиеналық және микробиологиялық талаптарға сәйкес болуы;
– құрамында рұқсат етілген шекті мөлшерден асатын зиянды заттар болмауы;
– жарақат алу немесе жұтып қою қаупін болдырмайтын, мықтап бекітілген әрлеу элементтері мен фурнитуралары болуы;
– өнімнің атауы, өндіруші туралы мәліметтер, шығарылған елі, шикізат құрамы, өлшемі, дайындалған күні, күтіп-ұстау жөніндегі ұсынымдар және Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы өнімнің бірыңғай айналым белгісі (бұдан әрі – ЕАС) көрсетілген таңбалаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ата-аналарға үш жасқа дейінгі балаларға арналған киімді таңдауға ерекше назар аудару ұсынылады. Бас және мойын тұсында ұзын баулары немесе таспалары бар, сондай-ақ баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін ұсақ сәндік бөлшектері бар бұйымдарды сатып алмаған жөн.
Балалар киімін сатып алу кезінде өнімнің ТР ТС 007/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болуын тексеріп, сондай-ақ таңбалануына, сапасы мен тұтастығына назар аудару қажет.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарды балалар киімін тек ресми сауда орындарынан және сенімді жеткізушілерден сатып алуға шақырады. Техникалық регламенттердің талаптарын сақтау балалардың денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алудың маңызды тетігі және Қазақстан Республикасының нарығында айналымдағы өнімнің қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Балалардың денсаулығын қорғаңыз – қауіпсіз әрі сапалы өнімді таңдаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1267445?lang=ru

Жауап қалдыру