ІІМ мен Цифрлық үкіметті қолдау орталығы ЖИ бағытындағы мүмкіндіктерді арттыруға күш біріктірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық үкіметті қолдау орталығы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамыту және жасанды интеллект технологияларын қолдану бағытындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

     Құжатқа ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Әлия Оспанова қол қойды.

     Меморандум аясында Цифрлық үкіметті қолдау орталығы ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ЖИ агенттерді әзірлеу, жұмыс процестерін автоматтандыру және Ішкі істер министрлігі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып цифрлық шешімдерді жасау бойынша практикалық оқыту ұйымдастырады.

     Оқыту бағдарламасы Ішкі істер министрлігінің қызметіне вайбкодинг құралдарын кеңінен енгізуге негіз болады. Бағдарлама аясында қызметкерлер заманауи технологияларды меңгеріп қана қоймай, ведомствоның нақты жұмыс процестеріне арналған цифрлық шешімдерді әзірлейді. Мұндай құралдарды пайдалану ақпаратты өңдеу үдерісін жеделдетуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттеріне көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

– “Заң және Тәртіп” идеологиясы ішкі істер органдарынан жүйелілік пен жауапкершілікті ғана емес, азаматтарды қорғау үшін заманауи технологияларды қолдануға дайын болуды да талап етеді. Жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді кеңінен дамыту қызметкерлерге ақпаратпен жедел жұмыс істеуге, күнделікті қайталанатын процестерді қысқартуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиялары заң талаптарын, ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып және адамның бақылауымен қолданылуы тиіс, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков.

     Цифрлық үкіметті қолдау орталығының оқу бағдарламасының ерекшелігі – ведомствоның нақты жұмыс процестерімен практикалық жұмыс жүргізуінде. Қатысушылар жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін зерделеп қана қоймай, ішкі істер органдарының күнделікті қызметінде қолдануға болатын ЖИ агенттер мен цифрлық құралдарды әзірлейді.

– Оқу бағдарламасы қызметкерлердің нақты жұмыс тәжірибесіне негізделген. Қатысушылар автоматтандыруға болатын процестерді айқындауды және соларға арналған тиімді цифрлық шешімдерді әзірлеуді үйренеді. Бағдарлама ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жасанды интеллектіні ішкі және сыртқы контурда қолдануға бағытталған. Біздің мақсатымыз – әзірленген әрбір құралдың нақты практикалық пайда әкелуі, яғни күнделікті қайталанатын жұмысты азайтып, қызметкерлердің негізгі міндеттерін тиімді орындауына көмектесуі, – деп атап өтті Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Әлия Оспанова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1267597?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді