КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті.
Жиынның күн тәртібінде 2026 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және 9 айға жоспарланған межелер, сондай-ақ бюджет кірістері жоспарының орындалу барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу деңгейі мен бюджет кірістерінің орындалу барысына тоқталды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер мен көрсеткіштерді орындау бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуында кемшіліктерге жол берген жауапты бөлім басшыларына ескерту жасап, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Сондай-ақ, барлық жауапты мекеме басшыларына 9 айлық жоспарлы көрсеткіштердің толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету, бюджет кірістерін ұлғайту және атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1267956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді