Өскемен қаласының полициясында қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласының полициясында қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері

бойынша жұмыс кеңесі өтті

31 шілде күні Департаменттің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Баяндиновтың төрағалығымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға құрылымдық бөліністердің басшылары, сондай-ақ Үлбі және Ертіс полиция бөлімдерінің жеке құрамы қатысты.

Кеңес барысында жеке құраммен жүргізілетін тәрбие және жеке жұмыстың тиімділігін арттыру, қызметтік тәртіпті нығайту, ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту мәселелері қаралды.

Бөлімше басшыларының қызметкерлермен жеке жұмысты ұйымдастырудағы жауапкершілігін күшейтуге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеуге, қызметтік тәртіптің сақталуын тұрақты бақылауда ұстауға және профилактикалық іс-шараларды сапалы ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жеке құраммен жүргізілетін тәрбие және кадрлық жұмыстың сапасын арттыруға, заңдылық пен қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1267358?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді