Қазақстан Елшісі Мароккодағы Тақ күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Королі Мәртебелі VI Мұхаммедтің таққа отыруының 27 жылдығына арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері дипломатиялық корпусы тобының дуайені ретінде сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Мәртебелі VI Мұхаммедті ұлттық мерекемен құттықтап, оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен құттықтауын жеткізді.

Қазақстан өкілінің салтанатты рәсімге Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері дипломатиялық корпусы тобының дуайені мәртебесінде қатысуы Қазақстан мен Марокко арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ қазақстандық дипломатияның халықаралық аренадағы беделі мен рөлінің мойындалғанын айқын көрсетті.

Салтанатты рәсім Марокконың Мдик қаласында өтіп, оған Марокконың жоғары лауазымды тұлғалары, дипломатиялық корпус өкілдері және құрметті қонақтар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1267983?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді