Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №69 мекемесінің басшысымен және денсаулық сақтау өкілімен бірлескен жеке қабылдау өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №69 мекемесінің басшысымен және денсаулық сақтау өкілімен бірлескен жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында сотталған азаматтың өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалып, құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер жан-жақты қаралды.

Әрбір сауалға заң аясында жауап беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер ұсынылды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заңда көзделген тәсілдері түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1267472?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді