
ШҚО-да 8 мыңнан астам қару иесі тексерілді: «ҚАРУ» ЖПІШ қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысында қару айналымы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.
Рейд жұмыстары барысында заңсыз айналымнан 12 бірлік қару — тегіс ұңғылы мылтықтардан бастап электрошокты құрылғыларға дейін тәркіленді. Мобильді топтар азаматтық қарудың 8 мыңнан астам иесін тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп шықты.
Сондай-ақ Өскемен қаласында криминалдық есепте «ұрланған» ретінде тіркелген 1 бірлік травматикалық қару анықталды.
Тексеру нәтижесінде кейбір қару иелерінің тарапынан тәртіп бұзушылықтар орын алғані анықталып, жалпы 45 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 25-і қаруды сақтау қағидаларын бұзуға қатысты болса, қалған 20 фактісі оны тіркеу тәртібін сақтамағаны үшін рәсімделді.
Қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 9 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтық қару иелеріне заңнама талаптарын қатаң сақтау, қарудың тиісті деңгейде сақталуын қамтамасыз ету және оны уақтылы тіркеуден өткізу қажеттігін еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1267301?lang=ru

Жауап қалдыру