
2026 жыл 17шілде күні Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Өзбекәлі Жәнібек кім?» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов пен «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшелері Қ. Серікбай мен Б.Тұрғанбай, сондай-ақ ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының маңызы туралы қысқаша түсіндіріліп,мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің өмірі мен ел игілігі жолындағы еңбегі, ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны сақтауға қосқан зор үлесі талқыланды. Жастар мен ұстаздар кітап мазмұны бойынша өз пікірлерін білдіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен тарихи сананы қалыптастырудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1267294?lang=ru

Жауап қалдыру