Тұрғын үй алу тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұрғын үй алу тәртібі!

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынылатын тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және тұрғын үй беру Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасына сәйкес электрондық кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Тұрғын үй алу тәртібі төмендегі бес кезеңнен тұрады:

1-кезең. Азамат тұрғылықты жері бойынша «Отбасы банк» АҚ филиалына немесе orken.otbasybank.kz электрондық порталы арқылы өтініш береді. Өтініш Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес қаралып, белгіленген санаттарға сай келген жағдайда азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке алынады.

2-кезең. Есепке қойылған азамат тұрғын үй ұсынылғанға дейін өзінің кезектілігіне сәйкес күтеді.

3-кезең. Азаматтың кезегі келген кезде «Отбасы банк» АҚ тұрғын үй алу мүмкіндігі туралы хабарлап, байланысқа шығады немесе 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жолдайды. Сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйлердің бірінен таңдау ұсынылады. Азамат ұсынылған тұрғын үймен танысып, 5 жұмыс күні ішінде оны қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Келісім берілген жағдайда «Отбасы банк» АҚ тиісті үміткерлердің тізімін қалыптастырады.

4-кезең. Қалыптастырылған тізім «Отбасы банк» АҚ тарапынан бөлімге ресми түрде жолданады. Осы тізім негізінде тұрғын үйді жалдау шарты жасалып, тұрғын үй ордері рәсімделеді.

5-кезең. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін азамат тұрғын үйдің кілтін алып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген баспанаға қоныстанады.

Назар аударыңыз! Тұрғын үй беру тәртібі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына және электрондық автоматтандырылған кезектілікті бөлу қағидаларына сәйкес ашық әрі заң талаптарына сай жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-aktubek/press/news/details/1267694?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді