Жаңа оқу жылына дайындық: қаржылай көмек көрсету тәртібіндегі өзгерістер

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданының білім бөлімі» ММ білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды (ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 12 наурыздағы №165 қаулысымен №64 қаулыға енгізілген өзгерістер).
Басты жаңалық – отбасы табысын тексеру процесінің толықтай цифрлық форматқа көшірілуі. Бұл іс жүзінде нені білдіреді? Отбасының табысы туралы мәліметтер жүйеге автоматты түрде жүктеледі. Енді мектепке қағаз түріндегі анықтамаларды тапсырудың қажеті жоқ. Отбасының қаржылық жағдайы туралы барлық деректер «Отбасының цифрлық картасы» мен бірыңғай мемлекеттік тізілімдер (реестрлер) арқылы Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰБДҚ) тікелей түседі. Алынған мәліметтер негізінде тиісті есептеулерді электронды жүйе жүргізеді. Тұжырымдап айтқанда, отбасының табыс деңгейін анықтау және көмек алу құқығын белгілеу толығымен автоматтандырылған цифрлық скоринг арқылы жүзеге асырылады.
2025–2026 оқу жылына мектепке дайындық үшін 50 851 теңге көлеміндегі біржолғы көмек келесі санаттағы балаларға беріледі:
атаулы әлеуметтік көмек (ӘАК) алатын отбасылардың балалары;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардың балалары;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;
алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер.
Қосымша ақпарат алу үшін өзіңіз білім алатын мектеп әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1267573?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді