
2026 жылдың шілде айында бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу шеңберінде барлығы 196 өнімдер сатып алынды, оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 36 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 111, басқа елдердің өнімдері- 49.
Зерттелген 196 сынаманың ішінде 11 сынама (5,6%) Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді.
Бақылау мақсатында сатып алынған өнімдердің ішінде 143 тамақ өнімі сынамалары зерттелді. Оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 31 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 97, басқа елдердің өнімдері- 15 сынама.
Зерттеу нәтижесінде 11 сынама тағам өнімдері (7,7%) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді, оның ішінде 1 сынама- қауіпсіздік көрсеткіші бойынша, таңбалау бойынша- 3 сынама, нитраттың қалдық құрамының анықталуы бойынша- 8 сынама.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
- Бройлер тауығының төс еті. Экологиялық таза «Халал» өнімі, мұздатылған. Өндірушісі- «Птицефабрика Чамзинская» АҚ, Ресей, Мордавия Республикасы, Чамзинский ауданы, Сабур-Мачкасы селосы, Заводская көшесі, 1, офис 1 (таңбалау бойынша сәйкес келмеді);
- Күркетауық етінен жасалған купати. Туралған, пішінделген, мұздатылған жартылай фабрикаттар. Өндірушісі- “Орский деликатес” ЖШҚ, Краснодар өлкесі, Краснодар қаласы, 9- Мамыр көшесі, 48/1 (таңбалау бойынша сәйкес келмеді);
- Патша тары қосылған түйіршіктелген қара шайы. Қазақстанда қапталған: ЖК «Орда Чай» Алматы облысы, Айғаным ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, 42 (таңбалау және қауіпсіздік көрсеткіші бойынша сәйкес келмеді);
- Бақша өнімдері (қарбыз, қауын)- 8 сынамада нитраттың қалдық құрамы анықталды.
2026 жылдың шілде айында бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 53 сынама тамақ емес өнімдер сатып алынып, зерттелді. Зерттеу нәтижесінде Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеушілік анықталмады.
Бақылау мақсатында сатып алу нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша субъектілерге сатылымнан алып тастау жөнінде аумақтық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің 6 жедел ден қою шарасы туралы қаулысы берілді.
Қаулы негізінде барлығы 556,3 кг. тағам өнімдері сатылымнан алынып тасталып, жеткізушіге кері қайтарылды.
Бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесінде 5 тергеп тексеру тағайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1268682?lang=ru

Жауап қалдыру