
ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» жобасы басталды!
«Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырмасымен жүзеге асырылатын ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» халықаралық мәдени жобасы өз жұмысын бастады.
Жоба Маңғыстау облысы мен Моңғолия Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, өңір суретшілерінің шығармашылығын халықаралық деңгейде танытуға және шығармашылық тәжірибе алмасуға бағытталған.
Жоба аясында орындалатын міндеттер:
Маңғыстау облысы мен халықаралық деңгейдегі 6 суретші қатысатын мәдени сапар ұйымдастырылады;
Маңғыстау облысынан, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі, оның ішінде Моңғолияның танымал суретшілерімен бірлескен кемінде 5 халықаралық пленэр өткізіледі;
Ұлан-Батор қаласында шеберлік сабағы ұйымдастырылады;
Қатысушылар Моңғолияның көркем галереялары мен ұлттық музейлеріне барады;
Жоба қорытындысы бойынша кемінде 100 қатысушыны қамтитын өңірлік көрме ұйымдастырылып, кемінде 10 картина Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына табысталады.
Бұл жоба – ұлттық өнерді дәріптеп, мәдени дипломатияны дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1268781?lang=ru

Жауап қалдыру