
2026 жылғы 3 тамызда Марокко Корольдігінің Әділет министрі Абделаттиф Уахби бастаған делегацияның Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сарсембаевпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Е. Сарсембаев марокколық делегацияны Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі новеллаларымен, Әділет министрлігі қызметінің негізгі бағыттарымен, елде жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформалармен, әділет жүйесін дамытудың заманауи тәсілдерімен, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы жетістіктермен таныстырды. Сондай-ақ, қазақстандық министр өзара құрметке, сенімге және халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысқа негізделген екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жүйелі дамуын ерекше атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі министр Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Келісімге, сондай-ақ екі елдің министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1268779?lang=ru

Жауап қалдыру