Атом саласының жаңа буыны: «МИФИ» филиалының алғашқы түлектеріне диплом табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Тимур Мифтахұлы Жантикин Алматы қаласындағы «Ұлттық ядролық зерттеу университеті «МИФИ» филиалының алғашқы түлектеріне диплом табыстаудың ресми салтанатты рәсіміне қатысты.

Өз сөзінде Төраға орынбасары Қазақстанның атом саласының қазіргі даму жай-күйі туралы айтып, жоғары білікті мамандарға деген сұраныстың артып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол ҰЗЯУ «МИФИ» филиалында жүзеге асырылатын бейіндік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Іс-шара соңында Тимур Мифтахұлы Жантикин түлектерді оқуды табысты аяқтауларымен құттықтап, кәсіби қызметтеріне толағай табыс тіледі. Сонымен қатар алған білімдері мен құзыреттері Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруда өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1268734?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді