
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылында дәстүрлі «Жер ырысы – 2026» агрофестивалі өтті. Екі күнге жоспарланған шарада өңір шаруалары заманауи агротехнологиялармен танысып, сала мамандары мен сарапшылардан тәжірибелік кеңестер алды. Биылғы фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден 40-тан астам компания қатысты.
Фестивальдің ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихаттың бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е. Салықов, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған агрофестиваль аясында ауыл шаруашылығы саласындағы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар ветеринария және өсімдік қорғау бағытындағы заманауи тәсілдер таныстырылып, қатысушылар тәжірибелі сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, егін және мал шаруашылығына арналған заманауи жабдықтар мен инновациялық шешімдер таныстырылды. Сонымен қатар қатысушылар жаңа технологиялардың тиімділігімен танысып, іскерлік байланыстар орнатуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай алаңдар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және өңірдегі шаруашылықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1268729?lang=ru

Жауап қалдыру