Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау (беру актілерін қабылдау/қабылдамау, айналымнан шығару)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Дәрілік заттарды таңбалауды өндіруші (немесе қайта қаптаушы кәсіпорын) дәрілік заттың әрбір қаптамасына (бастапқы, аралық және қайталама) мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады.

Сәйкестендіру құралдарымен таңбаланған дәрілік заттарды қабылдау дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен Тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) расталады.

Бұл ретте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы басқа субъектіден сәйкестендіру құралдарымен таңбаланған дәрілік заттарды қабылдауды жүзеге асыратын субъект қабылдау (беру) актісіне электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қоюды және қабылданған дәрілік заттар туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға қабылдау күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, олармен кейінгі операцияларды жүзеге асырғанға дейін енгізуді қамтамасыз етеді.

Дәрілік заттарды қабылдау кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, алушы анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламаны қалыптастырып, оны дәрілік заттарды өткізген және (немесе) берген жөнелтушіге бұрын жіберілген қабылдау (беру) актісіне өзгерістер енгізу үшін жібереді. Бұл ретте бұрын жіберілген қабылдау (беру) актісі ТТҚ АЖ-да автоматты түрде кері қайтарылады.

Жөнелтуші қабылдау (беру) актісін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, жаңа актіні ресімдемей, ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, бірақ алушы растағанға дейін кері қайтарып ала алады.

Дәрілік заттарды бөлшек саудада қолма-қол, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы және (немесе) алушыдан ақы алмай өткізетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъект дәрілік заттарды тұтынушылық қаптамаға енгізілген сәйкестендіру құралын бақылау-касса машинасымен ықпалдастырылған техникалық құралдардың көмегімен сканерлеу және тану арқылы оларды айналымнан шығаруды жүзеге асырады. Бақылау-касса машинасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес тіркелген болуы тиіс (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген).

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау талаптарын сақтау дәрілік заттардың қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді, контрафактілік және сапасыз өнімнің айналымының алдын алады, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1268033?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді