Елді мекендерді тазарту жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында ауқымды абаттандыру және сәулеттік келбетті жақсарту жұмыстары қарқын алды.

Акция аясында ауыл аумағындағы бұрыннан келе жатқан, тозығы жеткен, пайдалануға жарамсыз әрі заңдастырылмаған ескі ғимараттарды бұзу және аумақты тазалау шаралары қарқын алды. Бұл бастама ауылдың эстетикалық көрінісін арттырып, босаған жер учаскелерін болашақта халық игілігіне жаратуға жол ашады.

Игі шараның нәтижелі жүзеге асуына аудандағы іргелі өндіріс ошағы – «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының қосқан үлесі зор. Мұнайшылар ұжымы арнайы техникалар мен қажетті ресурстарды бөліп, әлеуметтік жауапкершілік танытты. Елді мекенді абаттандыру мен тазалықты сақтау бағытындағы мұндай кешенді жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1268676?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді