Луговой әскери гарнизонында оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Луговой әскери гарнизоны аумағында орналасқан №03811 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында шартты өртті сөндіруге арналған өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелері мен әскери қызметшілердің өзара іс-қимылын жетілдіру, жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдарды пысықтау болды. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес оқ-дәрі қоймасында шартты өрт орын алды. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері барлау жұмыстарын жүргізіп, жағдайды бағалап, шартты өртті қысқа мерзімде оқшаулап, толықтай жойды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қатысушылардың іс-әрекеттері талданып, өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1268513?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді