Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңес барысында ерекше бақылауда тұрған өзекті мәселелер қаралды:

– көппәтерлі тұрғын үйлерді, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау нысандарын алдағы жылу беру маусымына дайындау;

– кондоминиум объектілерін тіркеу және МИБ қызметі;

– санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және осы саладағы өзекті мәселелер;

– бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы;

– мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жұмысы, сондай-ақ тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою мәселелері қаралды.

Әрбір мәселені қарау қорытындысы бойынша қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарлары мен мемлекеттік органдардың басшыларына орындау мерзімдері белгіленген тиісті тапсырмалар берілді.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhil-inspekcia-shahtinsk/press/news/details/1268708?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді