Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыруға бағытталған шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыруға бағытталған шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

Байқау қоғамдық бақылауды күшейтуге, қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіруге және азаматтардың жергілікті мәселелерді шешуге атсалысуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдауға арналған.

Шағын гранттар байқауына құрамында кемінде қоғамдық кеңестің үш мүшесі немесе төрағасы бар бастамашыл топтар қатыса алады.

Бір шағын гранттың көлемі 500 мың теңгені құрайды.

Жобалар мынадай басым бағыттардың біріне сәйкес келуі тиіс:

мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізу;

білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау салалары;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен қоғамдық инфрақұрылымды дамыту;

экология және аумақтардың санитариялық жағдайын жақсарту;

мүгедектігі бар адамдар мен өзге де қозғалысы шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру.

Өтінім 2026 жылғы 4-20 тамыз аралығында (қоса алғанда) Астана уақыты бойынша сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

Байқауға қатысу үшін мемлекеттік немесе орыс тілінде рәсімделген өтінім civilalliance20@gmail.com электрондық поштасына жолданады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1268758?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді