«Қызылорда-Сексеуіл» автомобиль жолының құрылысы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірге «Қызылорда – Сексеуіл» автомобиль жолының учаскесінен облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қосылды.
Телекөпір барысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жобаны бастауға әзірлік жөнінде баяндады.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев аса маңызды жобаның алғашқы қадамына ақ батасын берді.
Жалпы ұзындығы 462 шақырым «Қызылорда – Сексеуіл» жолы қайта жаңартылып, төрт жолаққа дейін кеңейеді. Бұл қауіпсіз көлік қозғалысын реттейді, жолаушылар мен жүк тасымалын тиімді ете түседі. Еліміздің батыс өңірлері мен Қызылорда облысы арасындағы көлік қатынасына, халықаралық және республикалық транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін арттыруға, жол бойындағы сервистік инфрақұрылымның дамуына серпін береді.
Шығыс пен Батысты жалғайтын жаңа көлік жүйесін қалыптастырады. Жоба мерзімі белгіленіп, 2029 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Жол құрылысына 10 мыңнан астам жұмысшы және 3 мыңға жуық техника тартылады, 81 көпір, 452 су өткізу құрылысы, демалыс аймақтары, сервистік нысандар және цифрлық бақылау жүйелері салынады.
Жол шамамен 1 мың шақырымға, шығыстан Каспийге жүк жеткізу уақыты 3 тәулікке дейін қысқарып, өткізу қабілеті 2,5 есе артады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1268303?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді