Сәкен Сейфулин атындағы кентте Теміржолшылар күніне арналған «Көлік қызметі- елге қызмет » атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама аясында қол күрес,кір тасын көтеру және арқан тарту сияты ұлттық спорттық жарыстар өткізіліп,қатысушылар өзара бақ сынасты.Жарыстарға кент тұрғындары белсене қатысып,жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Іс-шараның басты мақсаты- теміржолшылардың ерен еңбегін дәріптеу,салауатты өмір салтын насихаттау жән тұрғындардың бірлігін нығайту болды. Теміржолшыларды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап,зор денсаулық,отбастарына амандық,еңбектеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
Жауап қалдыру