«Таза Қазақстан»: Астанада жастар Ұстаздар саябағында экологиялық сенбілік өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Ұстаздар саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экологиялық жиынға қатысқан «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары саябақ аумағын қоқыстан тазартып, арамшөптерді жұлды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын дамыту және қала тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару.

Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрислам Батырбектің айтуынша, іс-шара аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

«Бүгінгі сенбілікке «Жасыл ел» еңбек жасағының 70-ке жуық белсендісі қатысып жатыр. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында өткізілуде. Ұстаздар саябағы – аудан тұрғындары жиі келетін қоғамдық демалыс орындарының бірі. Сондықтан мұндай аумақтардың тазалығы тұрғындардың жайлылығы мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Біздің мақсатымыз – саябақты абаттандырумен қатар, жастардың бойында еңбекқорлықты, табиғатқа жанашырлықты және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру», – деді ол.

Іс-шараға қатысқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM School мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, «Жасыл ел» еңбек жасағының белсендісі Диана Ермағанбет табиғатты қорғау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

«Мен «Жасыл ел» жасағында былтыр да еңбек еттім. Табиғатқа және туған қалама пайда тигізгенді ұнатамын. Мұнда жаңа достар тауып, жақсы ұжыммен жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Табиғатты таза ұстау – қоқыс тастамаудан басталады. Табиғат та біз сияқты. Көшелердің ластануы оған да зиянын тигізеді. Күн сайын қаланы тазалайтын қызметкерлердің еңбегін бағалап, сейілге шыққанда немесе көшеде жүргенде қоқыс қалдырмауға, айналаны бүлдірмеуге шақырамын», – деді ол.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge  @TazaQazaqstan

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1268364?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді