
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жетісу облысы полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Туристер легі көбейген Алакөл ауданында бұл жұмыстарға ерекше назар аударылуда. Полиция қызметкерлері дүкен иелері мен сатушыларға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға, сондай-ақ сағат 23:00-ден кейін алкоголь өнімдерін өткізуге тыйым салынғанын ескертуде.
Мұндай түсіндіру жұмыстары құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және тұрғындар мен туристердің қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жетісу облысының полициясы кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, ал азаматтарды қоғамдық тәртіпті құрметтеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1268638?lang=ru

Жауап қалдыру