📢 «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды!
💼 Өз кәсібіңізді ашқыңыз немесе кеңейткіңіз келе ме?
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды.
✅ Жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит.
✅ Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындарына арналған.
💰 Қаржыландыру шарттары:
🔹 сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;
🔹 кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін (60 ай);
🔹 жеке кәсіпкерлер үшін микрокредит сомасы – 10 812 500 теңгеге дейін;
🔹 ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін микрокредит сомасы – 34 600 000 теңгеге дейін.
Қаржыландыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
🔹 қызмет көрсету саласы;
🔹 өндіріс;
🔹 қоғамдық тамақтандыру;
🔹 жөндеу шеберханалары;
🔹 тұрмыстық қызмет көрсету;
🔹 туризм;
🔹 ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлері.
📍 Бағдарламаға қатысу және кеңес алу үшін төмендегі мекемелерге жүгініңіз:
* аудан және қала әкімдіктеріне – тұрғылықты жеріңіз бойынша;
* Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
Өскемен қаласы, Бейбітшілік38/40.
* «Атамекен МҚҰ» ЖШС
Өскемен қаласы, Ауэзова 26/1
* «Ертіс» ӘКК
Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
* «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ
Өскемен қаласы, Қабанбай батыр 49
«Ауыл Аманаты» – жеңілдетілген микрокредит алып, өз кәсібіңізді бастауға немесе кеңейтуге берілетін тиімді мүмкіндік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1269411?lang=kk

Жауап қалдыру