
2025 жылғы 5 шілдеде «6 шілде – Астана күні» мемлекеттік мерекесіне орай Маңғыстау облысының Туризм басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ «Kettik Mangystau» және «Mangystau Tour 999» туристік операторларының өкілдерінің қатысуымен экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтті. Сенбілік барысында Ақтау қаласындағы Самал теңіз жағалауынан «Амфитеатр» сахнасына дейінгі аумақ қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, туристік аймақтардың тазалығын сақтау және тұрғындар мен қонақтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269205?lang=ru

Жауап қалдыру