
2026 жылғы 1 тамыздан бастап темекі өнімдерінің ең төмен бөлшек сауда бағасы өзгерді
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің жекелеген түрлеріне жаңа ең төмен бөлшек сауда бағалары белгіленгенін хабарлайды.
Сүзгісі бар және сүзгісіз 20 дана сигареттің, папиростың, сигариллалардың, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 1 060 теңгені құрайды. Аталған баға 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.
Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін ең төмен бөлшек сауда бағасы 970 теңгені құраған болатын.
Кезекті баға өсімі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделген. Осы күннен бастап аталған темекі өнімдерінің 20 данасының ең төмен бөлшек сауда бағасы 1 120 теңгені құрайды.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті темекі өнімдерін өткізумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің назарын белгіленген ең төмен бөлшек сауда бағаларын сақтау қажеттігіне аударады.
Ең төмен бағалардың өсуі темекі өнімдерінің айналымы саласындағы мемлекеттік салық және баға саясаты аясында жүзеге асырылуда. Бұл шара темекі өнімдерін тұтынуды азайтуға, бюджет түсімдерін арттыруға және көлеңкелі айналым үлесін төмендетуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1269123?lang=ru

Жауап қалдыру