Алакөлде полиция мен құтқарушылар тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туристік маусымның қызған шағында Жетісу облысында полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Алакөл жағалауында тәулік бойы қызмет атқарып, демалушылардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.

Полиция қызметкерлері жағалау аумағын, халық көп шоғырланатын орындарды тұрақты түрде патрульдеп, құтқарушылармен бірлесіп кез келген оқиғаға жедел әрекет етеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялардың да маңызы зор. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жағалаудағы ахуал нақты уақыт режимінде бақыланып, адам көп жиналған аумақтар мен ықтимал қауіпті орындар анықталады. Қажет болған жағдайда ақпарат жақын маңдағы полиция жасақтары мен құтқарушыларға жедел жеткізіліп, оқыс жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданады.

Патрульдеу барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, балаларды қараусыз қалдырмау, белгіленген аймақтан тыс жерге шомылмау және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі ескертіледі. Сонымен қатар тұрғындар мен туристерге қауіпсіздік талаптары мен шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.

Жетісу облысының полициясы өңір тұрғындары мен қонақтарын жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауға және полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың заңды талаптарына бағынуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1269357?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді