Астанада медиация институтының 15 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында «Медиация институты: қазіргі тәжірибе және даму перспективалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Конференция барысында медиация институтын дамыту, осы саладағы өзекті мәселелер, тәжірибе алмасу және заңнаманы жетілдіру жолдары кеңінен талқыланды.

Жиынға сот жүйесінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, қазақстандық және халықаралық медиаторлар ұйымдарының мүшелері, сондай-ақ заң саласының мамандары қатысты.

Конференция барысында «Медиация туралы» Заңның қабылданғаннан бергі 15 жылда медиацияның дауларды сотқа жеткізбей шешудің тиімді тетігі ретінде орныққаны айтылды. Осы кезеңде елімізде бұл саланың құқықтық және институционалдық негізі қалыптасты.

Бүгінде Қазақстанда екі мыңнан астам кәсіби медиаторы бар 27 медиаторлар ұйымы жұмыс істейді. Сонымен қатар 1 900-ден астам қоғамдық медиатор, оның ішінде 300-ге жуық этномедиатор қызмет атқарады.

Қатысушылар медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің қызметіне де тоқталды. Кеңес медиацияны дамытуға қатысты өзекті мәселелерді қарастырып, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлейді.

Конференция аясында медиацияның қазіргі даму үрдістері, заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықтың келешегі тақырыптарына арналған панельдік сессиялар өтті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1269343?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді