Астанада полиция қызметкерлері жыл басынан бастап омниканалды жүйе арқылы 30 мыңнан астам өтініш қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтардың өтініштерін қабылдаудың омниканалды жүйесін енгізіп, бүгінде бұл бастама халықпен тиімді өзара іс-қимылдың сәтті үлгісіне айналды.
Аталмыш жүйе арқылы ағымдағы жылдың басынан бастап 30 мыңнан астам өтініш қабылданды. Оның ішінде 312-ден аса бейнеқоңырау, 30330-ға жуық SMS хабарлама тіркелген.
Бұл жүйе арқылы келіп түскен өтініштердің бірі жол қозғалысы ережелерінің бұзылу фактісі бойынша болды. Қала тұрғыны омниканалды байланыс арқылы хабарласып, «Hyundai» маркалы автокөліктің рұқсат етілмеген жерде қойылғаны туралы мәлімдеді. Ақпарат жедел түрде тексеріліп, полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 45 жастағы жүргізушіні анықтап, оған ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
«Омниканалды жүйе – бұл халықпен жедел әрі тиімді байланыс орнатудың заманауи тәсілі. Астана қаласы Полиция департаменті бұл бастаманы одан әрі дамытып, тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетуді жалғастыра бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1268922?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді