Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 5 тамызда, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Б.Алтаев азаматтарды қабылдады.
 
Қабылдау барысында қала тұрғындары тарапынан бірқатар әлеуметтік және коммуналдық мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, 1-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөлесін судың басуына қатысты мәселе айтылды.
 
Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың анасы балабақшада арнайы педагогтың (ассистенттің) қарастырылмағанына қатысты мәселе көтерді.
 
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер депутаттың назарына алынып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және заңнама аясында қажетті шаралар қабылдау жөнінде түсіндірмелер берілді. Әрбір өтініш депутаттың бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1269295?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді