Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Астана қаласында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Бастауыш мектептің жазғы сессиясы: Сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық семинар өтті.
🤝 Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық 20 өңірінен 200-ден астам қатысушы – білім басқармаларының жауапты мамандары, әдістемелік орталықтардың өкілдері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және бастауыш сынып педагогтері қатысты.
📚 Батыс Қазақстан облысының атынан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары **Саягүл Ғалиева** және өңірдің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасып, жаңа оқу жылына арналған басым бағыттармен танысты.
🔖 Семинардың ашылуында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастауыш білім беруді дамытудың негізгі міндеттері мен алдағы оқу жылында жүзеге асырылатын жаңашылдықтарға тоқталып, оларды барлық өңірде сапалы әрі бірізді енгізудің маңызын атап өтті.
💬 Жазғы сессия барысында жаңа оқу жылы қарсаңында бастауыш білім беру жүйесіндегі өзекті өзгерістер талқыланып, оларды тәжірибеге енгізудің тиімді тәсілдері мен педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету жолдары қарастырылды.
📝 Пленарлық отырыс пен тақырыптық воркшоптарда Жаңа Конституция құндылықтарын, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын, «Заң мен Тәртіп» қағидатын, жаңартылған оқу бағдарламаларын, бағалаудың жаңа тәсілдерін және жасанды интеллект құралдарын бастауыш білім беру жүйесіне енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.
✅ Семинар қатысушылары жаңа оқу жылындағы өзгерістерді өңірлерде сапалы жүзеге асыруға бағытталған тәжірибе мен әдістемелік ұсынымдарды жетілдіріп, озық тәжірибелерді тарату жұмыстарын жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1268879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді