Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі: негіздер, белгілеу тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіптік еңбек ету қабілеті – қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілеті.

 Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі –  қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейі.

Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі азаматтың денсаулығына кәсіптік аурудың немесе өндірістегі жазатайым оқиғаның салдарынан зиян келген жағдайда белгіленеді.

Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі ағза функцияларының бұзылу деңгейіне және осы бұзылулардың адамның кәсіби қызметін орындау мүмкіндігіне әсеріне байланысты айқындалады және 5 %-дан 100 %-ға дейін белгіленеді.

Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.

Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі куәландыру жүргізу кезінде департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандарымен белгіленеді.

Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгілеуге медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы, Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында көзделген құжаттар тізбесімен бірге ұсынылады. Сонымен қатар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні немесе берілгеніне екі жылдан аспаған кәсіптік патология жөніндегі сараптамалық комиссияның қорытындысын ұсыну міндетті.

Бейнебаянды мына сілтеме арқылы көре аласыз:

https://www.instagram.com/reel/DbqJEMdIuM4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1269424?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді