Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 3 тамызында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп «Өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды, оқыс оқиғаларды төмендету» тақырыбында кеңес өткізді.
Кеңеске ірі өндірістік және құрылыс компанияларының өкілдері қатысты. Кездесу барысында қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында өндірістік жарақаттануды болдырмау, азайту және алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қызметкерлердің еңбекті қорғау ережелері мен нұсқаулықтарын сақтау мәселелерін ерекше бақылауға алуға келісті.
 
Видеоның толық нұсқасын ссылкадан көре аласыз: https://www.instagram.com/reel/DbprXvusrql/?igsh=b3B2Y253N3ZyN205
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1269103?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді