Отандық тауар өндірушілердің назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясындағы сатып алу платформасы meks.zakup.sk.kz/board сілтемесі бойынша қолжетімді.

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген кәсіпорындар, осы платформада авторизациялау қажет. Сатып алынатын тауарларға қатысты хабарламалар дәл осы платформа арқылы жіберіледі.

Қазіргі уақытта мердігерлер тауарларды сатып алу бойынша тапсырыстарды орналастыруда. Тізілімде тіркелген отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін жеткізу бойынша ұсыныстарын осы платформа арқылы ұсына алады.

Жаңа сатып алулар туралы хабарламаларды уақытылы алу және сатып алуға қатысу үшін платформаға жақын арада авторизациялауыңызды сұраймыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1269499?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді