
Өңір басшысы мыс концентратын өндіруге арналған «Демеу Көк-Тас» ЖШС-нің салынып жатқан байыту фабрикасына барды. Нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда, электр желілері мен су құбыры тартылып, вахталық кенттің құрылысы жүргізілуде. Аудандағы алғашқы ірі өнеркәсіптік жобаның жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті бюджеттің кірісін арттыруға мүмкіндік береді.
⠀
Сондай-ақ титан-цирконий концентратын өндіруге бағытталған «Druzhba Mining» ЖШС-нің және құрамында алтыны бар кенді өндіру жобасын жүзеге асырып жатқан «ВКО Smart» ЖШС-нің жобалары талқыланды.
⠀
«Ақжар Өндіріс» ЖШС-де облыс әкімі дәнді дақылдар, көкөніс, картоп және күнбағыс өсірілетін, аумағы 2 мың гектардан асатын суармалы алқаптың жұмысымен танысты.
⠀
Саты ауылында өңір басшысы салынып жатқан медициналық пункттің құрылыс барысын тексерді. Нысанды биылғы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir/press/news/details/1269128?lang=ru

Жауап қалдыру