
Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС-не жоспарлы тексеру жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорынның қауіпті өндірістік нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы, өндірістік бақылаудың ұйымдастырылуы, технологиялық процестердің қауіпсіз жүргізілуі, жабдықтардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының орындалуы зерделенді. Мұндай бақылау іс-шараларын жүргізудің мақсаты – өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру, авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1269358?lang=ru

Жауап қалдыру