
2026 жылғы 3 тамыз күні сағат 12:15-те Республикалық штаб мүшесі Алмат Отаубайұлы Жүкебаевтың Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары аясында Ералиев ауылдық округінде кездесу өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындармен ашық пікір алмасу, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды. Кездесу барысында құрылтай аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жан-жақты баяндалып, олардың маңыздылығы атап өтілді. Жиын барысында ауылды абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, санитарлық тазалықты сақтау, жол сапасын жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын күшейту секілді бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, әлеуметтік салаға қатысты ұсыныстар мен тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытындағы бастамалар да назардан тыс қалған жоқ. Кездесуге ауыл тұрғындары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жергілікті атқарушы орган өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Жиналған қауым өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кейбір мәселелер бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны жеткізілді. Жиын қорытындысы бойынша тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, алдағы уақытта оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді. Мұндай кездесулердің халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуде маңызы зор екені ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka-eraliev/press/news/details/1269403?lang=ru

Жауап қалдыру