САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ САПАСЫ – КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ САПАСЫ – КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Мойынқұм ауданында сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған оқу семинары өтті

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында ағымдағы жылғы 4 тамызда Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған оқу семинары өтті.

Оқыту-семинарға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, Мойынқұм аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық прокуратура өкілі, аудандық полиция қызметінің басшысы, аудан әкімдігінің бөлімшелерінің басшылары, аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубтарының мүшелері, комиссия мүшелеріне қаралған резервтік құрам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бекітілген оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, сайлау заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сайлау процесі кезінде құқықтық нормаларды қолдану.  

Оқу семинары барысында тыңдаушылар алдымен кіріспе тестілеуден өтіп, бастапқы білім деңгейлерін анықтады. Содан кейін оқу бағдарламасына сәйкес негізгі дәрістер тыңдалды.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов «Сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен жаңалықтар» тақырыбында баяндама жасап, Конституциялық заңға енгізілген өзгерістердің мазмұнын, олардың жұмыс барысында қолданылу ерекшеліктерін және сайлау комиссияларының өкілеттігі мен мәртебесіне байланысты өзгерістерді жан-жақты баяндап, түсіндірме берді.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әбілқайыр Боранбаев сайлау процесін инфрақұрылымдарының материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етілуі және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше тоқталды.

Комиссия мүшесі Мерей Амангелді электоралдық кезеңдегі ақпараттандыру және үгіт-насихат жүргізудің құқықтық тәртібі бойынша дәріс оқыды. Тыңдаушылар әлеуметтік желілердегі ақпарат тарату ерекшеліктері, үгіт жүргізудің заңды тетіктері және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сайлау күні байқаушылармен, кандидаттардың сенім білдірілген адамдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жұмыс жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері жөнінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Мейржан Сембеков баяндама жасап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Комиссия мүшесі Еркін Жапаров сайлау процесінде орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтар, олар үшін көзделген жауапкершілік және құқықтық тәуекелдердің алдын-алу мәселелерін кеңінен түсіндірді.

Сайлау науқандарын қаржыландыру жөнінде комиссия мүшесі Әсел Қадырбекова дәріс оқып, сайлау қорларын қалыптастыру, қаржылық есептілік жүргізу, заң талаптарын сақтау және қаржылық ашықтық қағидаттарына тоқталды.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов дауыс беру тәртібі, бюллетеньдермен жұмыс, дауыс санау рәсімдері және сайлау қорытындыларын анықтау мәселелерін түсіндіріп, тыңдаушылар практикалық тапсырмалар арқылы өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Семинар бағдарламасының ерекшелігі теориялық білім мен практикалық жұмыстардың ұштасуында болды. Әрбір тақырып бойынша тыңдаушылар сайлауды әзірлеу мен өткізу барысында  кездесуі мүмкін жағдайларды талдап, құқықтық шешім қабылдау жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар, интерактивті пікірталастар, топтық жұмыстар мен практикумдар ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды.

Бағдарлама аясында өткізілген «Kahoot» платформасы арқылы интеллектуалдық топтық сайыс тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын туғызып, оқу барысында алған білімдерін бекітуге және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталды.

Оқу семинары барысында тыңдаушылар тарапынан сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтердің тәртібі, көру, есту және жүріп-тұру қабілеті бұзылған азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының осы бағыттағы міндеттері бойынша бірқатар сұрақтар қойылды.

Қойылған сұрақтардың барлығына Қазақстан Республикасының қолданыстағы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын сақтау, оларға қолайлы жағдай жасау тетіктері, дауыс беру күні ұйымдастырылатын іс-шаралар, практикалық жағдайда туындауы мүмкін мәселелерді шешу жолдары бойынша әдістемелік ұсынымдар мен кәсіби кеңестер берді.

Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сайлау процесін заң талаптарына сай ұйымдастыруға бағытталған әдістемелік көмек көрсетілді.

Семинар соңында тыңдаушылардан қорытынды тестілеу алынып, оқу барысында меңгерген білім деңгейлері бағаланды.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан кері байланыс алынып, оқу бағдарламасының тиімділігіне талдау жүргізілді.

Оқуды сәтті аяқтаған барлық тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі электрондық сертификаттар табысталды.

Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1268960?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді