
2026 жылғы 31 шілдеде 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспары мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарма мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттары және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет барысында енгізілетін нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру болды. Семинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндіріліп, практикалық мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, мамандарға «e-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1269192?lang=ru

Жауап қалдыру