
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында С. Шапағатов ауылында учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қ. Балғабаев қоғам белсенділерімен бірлесіп тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында тұрғындарға туған өлкенің тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екені түсіндіріліп, қоршаған ортаны қорғауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға, сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырылды.
Мұндай профилактикалық кездесулер экологиялық мәдениетті арттыруға, қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға және елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DbnjtmzCVuY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1269213?lang=ru

Жауап қалдыру