
2026 жылғы 5 тамызда Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы Нұрлан Зарлықұлы Уразалиновтың төрағалығымен өтті.
Сессияда депутаттар Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы жергілікті бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы Жітіқара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 296 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы антитеррористикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы Жітіқара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 281 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жітіқара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жітіқара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 89 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы туралы Жітіқара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелерді қарады.
Сессия жұмысына Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары және Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1269290?lang=ru

Жауап қалдыру