05.08.2026ж.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған
конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 7 қыркүйек сағат 11.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 103 кабинет мекенжайы бойынша
жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:
ЛОТ № 2
№ 881 «Жаркент қ. (Панфилов ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал».
ЛОТ № 4
№ 504 «Қабанбай а. (Алакөл ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал – Қабанбай а. (Алакөл ауданы)»
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 109 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2026 жылғы 24 тамыз сағат 10.00.
6. 2026 жылғы 10 тамыз сағат 11.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
7. Анықтама алу үшiн телефон: 8/7282/32-90-08, электрондық пошта: razvitiedor19@mail.ru
Басқарма басшысының
орынбасары А. Досжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-transport-way/press/news/details/1268927?lang=ru

Жауап қалдыру