🏆 Оралда «Қазақстан Барысы» облыстық іріктеу кезеңі аяқталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🏆 Оралда «Қазақстан Барысы» облыстық іріктеу кезеңі аяқталды.

Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде өткен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің Батыс Қазақстан облыстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Облыстың 12 ауданы мен Орал қаласынан келген 23 апайтөс балуан бозкілемде өзара мықтыны анықтап, жанкүйерлерге тартысқа толы белдесулер сыйлады.

Финалда Ақжайық ауданының балуаны Эльнар Жанболатұлы Сырым ауданының өкілі Мерей Бердіғалиден басым түсіп, «Жайық Барысы – 2026» атанды. Осылайша ол өткен жылғы өкініштің орнын толтырып, көптен күткен жеңісіне қол жеткізді.

🏆 Жарыс қорытындысы:

🥇 І орын – Эльнар Жанболатұлы (Ақжайық ауданы)

🥈 ІІ орын – Мерей Бердіғали (Сырым ауданы)

🥉 ІІІ орын – Нұрымжан Ғаббасов (Орал қаласы)

Енді Эльнар Жанболатұлы мен Мерей Бердіғали 15 тамыз күні Астанада өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.

💪 Қос балуанға республикалық додада сәттілік тілейміз!
—————
#bqo_sport

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1269647?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді