
📌Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 6-бабына сәйкес мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға және оның алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізеді.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жылысбаев Ернар Нұрболұлының қатысуымен түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру, мемлекеттік қызметте ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңнама талаптары бойынша жан-жақты түсіндірмелер алды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру бағытында пікір алмасты.
Кездесу қорытындысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі әрбір мемлекеттік қызметшінің заң талаптарын мүлтіксіз сақтауы, адалдық қағидаттарын ұстануы және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға қосатын үлесіне тікелей байланысты екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1269245?lang=ru

Жауап қалдыру