📌 Вахталық әдіспен еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер туралы мәліметтерді енгізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жұмыс берушілерге вахталық әдіспен еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер туралы мәліметтердің толықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хабарлайды.

Еңбек қатынастарының ашықтығын арттыру мақсатында жұмыс берушілер вахталық әдіспен еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер туралы мәліметтерді Еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) уақтылы енгізуі, атап айтқанда HR Enbek порталындағы «Жұмыспен қамту нысаны» қосымша бетінде тиісті ақпаратты көрсетуі қажет.

Деректерді дұрыс әрі уақтылы енгізу еңбек қатынастары туралы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етуге, еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және мемлекеттік ақпараттық жүйелерде алшақтықтардың туындауына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Маңызды! Жұмыс беруші Еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді енгізудің толықтығы, шынайылығы мен уақтылығы үшін жауапты болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1269256?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді