🔰 ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫСКЕР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес өңірдегі кәсіпорын иелерінің қатысуымен өткен кезекті кездесу Қазығұрт ауданында өтті.

🔹 Кездесуге Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, Қазығұрт аудандық жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кулимов Дархан Нұрланұлы, Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту және үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Ақжол Ілияс Лесханұлы, Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Садықов Қайрат Базарбайұлы, Қазығұрт аудандық Мансап орталығының басшысы Алпысов Махсут Мусабайұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және өңірдегі кәсіпкерлік субъектірелінің басшылары, әкімдіктің дербес бөлім басшылары, кадр саласына жауапты мамандары қатысты.

🔹 Кездесу барысында Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан мен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өкілі Айнель Алтынбекқызы қатысушыларға қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың талаптары мен артықшылықтарын жан-жақты түсіндірді.

🔹 Сонымен қатар, жұмыс берушінің міндеті болып табылатын сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандыру шартын уақытылы жасау, сақтандырудың қолданылуын тұрақты қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өндірістік тәуекелдерді азайту тетіктерін атап өтті. Сондай-ақ, Міндетті сақтандыру шартын жасамау немесе уақтылы рәсімдемеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатындығын ескерту жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1269260?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді