
Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ анықтаған қоқыс және құрылыс қалдықтарының үйінділерін жою жұмыстары бүгін де жалғасты. Іс-шараға өндірістік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың арнайы техникалары жұмылдырылды.
Айта кету керек, аталған аумақтардың меншік иелеріне осыған дейін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес бірнеше рет ескерту берілген болатын. Белгіленген мерзімде талаптар орындалмағандықтан, құрылыс қалдықтары мен топырақ үйінділері арнайы техникалардың көмегімен алынып, аумақтар ретке келтірілді.
Тазалық пен тәртіп – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан барлық тұрғындарды өз аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, құрылыс қалдықтарын белгіленген орындарға шығаруға шақырамыз.
🌿 Таза ауыл – өзімізден басталады
Құрық ауылы әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1269593?lang=ru

Жауап қалдыру